Жедел желі телефоны
bg

Жедел желі телефоны

call

Жедел желі телефоны

+7 771 103 9602 +7 777 001 6741

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу қажет?
done Барлық ақпаратты зерттеп алыңыз

Шетелде жұмыс ұсынатын компаниялар мен елдер туралы (байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері, заңды мекенжайлар және т. б.) барлық ақпаратты зерттеп алыңыз.

done Сайттың мекенжайын тексеріңіз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Салық төлеушілерді іздеу» электрондық қызметі қолжетімді. Оның көмегімен ұйымдардың сенімділігін бағалап, бір күндік фирмаларды анықтауға болады.

done Бағдарламаға лицензияланған операторларға жүгініңіз

Егер сіз Ұлыбританияға маусымдық жұмысқа баруды жоспарласаңыз, міндетті түрде тек Ұлыбритания үкіметі лицензиялаған операторлардың ресми сайттарында ғана тіркеліңіз. Бұл сізге алаяқтықтан сақтануға және өз мүддеңізді қорғауға көмектеседі.

kurs

Ағылшын тілі курсы

Біздің онлайн-курспен ағылшын тіліңізді жетілдіріңіз! Еңбек мигранттары, бізде сіздерге арналған керемет жаңалығымыз бар! Біз ағылшын тілін жаңадан оқып бастаушыларға арналған онлайн-курс аштық. Бұл курс сіздің ағылшын тілі деңгейіңізді жақсартуға, жұмысқа дайындалуға және тілді күнделікті әрі кәсіби өмірде сенімді пайдалануға көмектеседі. Курсқа қосылыңыздар, дағдыларыңызды дамытыңыздар және мансаптық өсу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыздар! Курсқа қатысу
kurs

Қаржылық сауаттылық курсы

Қаржыларыңызды жақсырақ басқарғыңыз келе ме? Қайта оралған мигранттар үшін қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-курсты өтуге ұсынамыз. Бұл курста сіз қаржылық жоспарлауды үйреніп, бизнес-жобаларға қалай инвестиция жасау керектігін білетін боласыз! Курсқа қатысу